Жарнама
Жарнама

Қазақстан біріншілігінің 24-турының алдындағы есеп-қисаптар

20.08.2011, 22:46
Жарнама
Жарнама
Қазақстан біріншілігінің 24-турының алдындағы есеп-қисаптарды назарларыңызға ұсынамыз: Премьер лиганың көш басындағы қос мықты "Жетісу" мен «Астана» бұл жолғы кездесуінен бұрын Қазақстан біріншілігінде 6 ойын өткізіпті. Көш басындағы "Жетісу" 4 кездесуде елордалықтардан басым түссе, "Астана" болса 2 кездесуді өз пайдасына шешіпті. Қос клуб кездескен 6 кездесудің 5-еуінде сол кездесудегі алаң иелері 1-0 есебімен жеңіске жетіпті. Ал, енді бір кездесуде "Жетісу" елордалықтарға  қонаққа барып 2-0 ұтыпты. 1-ші этаптағы ойындары: 6-наурыз «Астана» — «Жетісу» 0:2 (Мужиков, Остапенко). 30 тамыз «Жетісу» — «Астана» 1:0 (Остапенко). "Шахтер"- "Ақтөбе" өз арасында 38 кездесу өткізіпті. "Шахтер" клубы тек доп айырмашылығынан басым түскені болмаса екі  клубта бірін-бірі 12 ұтып, 14 рет тең түсіпті. Қарағанды төрінде ойналған 19 кездесудің 8інде алаң иелері басым түссе, 4-еуінде қонақтар жеңіске жетіпті. Ал, 7 кездесуде қос клуб бірін-бірі ала-алмапты. Қос құрама тең тарқасқан 14 кездесудің 10-ында есеп ашылмапты. Кеншілер сапындағы ойыншылардың арасында"Ақтөбе" қақпасына ең көп доп ұрған Руслан Иманкұлов, Ал Қарағандылықтарға ең көр гол салған Константин Головской 1-ші этаптағы ойындары: 24 сәуір «Ақтөбе» — «Шахтёр» 0:1 (Көкеев). 12 июня «Шахтёр» — «Ақтөбе» 1:0 (Финонченко). 30-ойынның 21-і бұрынғы ел чемпиондарының пайдасына шешілсе, 3 ойын тең аяқталып, 6-ойында Тараздық клуб жеңіпті. Доп айырмашылығы 47-21. Қостанайда өткен 15-кездесудің 14-інде "Тобыл" жеңіске жетсе, 1996-жылы "Тараз" клубын Воит Талғаев баптаған кезде ғана Тараздық клуб жеңіпті. «Тобыл" өз алаңында ұтқан 14 кездесудің 5-еуінде ірі есеппен басым түсіпті. 1999, 2000, 2003 және  2011 жылдары  3:0, ал  2009 жылы  4:1 есебімен жеңіс тойын тойлапты. 1-ші этаптағы ойындары: 12 наурыз «Тобыл» — «Тараз» 3:0 (Костюк, Кислицын», Соболев-автогол). 23 шілде «Тараз» — «Тобыл» 1:0 (Недашковский). Қазақстан біріншілігінде "Қайрат" пен "Атырау" 20 кездесу өткізіпті. Бұл кездесулер  нәтижесінде "Қайрат" клубы мұнайлы өлке ойыншыларынан 3 жеңіс және 3 доп айырмашылығымен басымдылық танытуда. Алматыда өткен 10 ойында  «Қайрат»  7 рет жеңіске жетіп, қалған 3кездесуде тең түсіпті. «Атырауға» болса Алматыда жеңіске жету әзірше бұйырмапты. Соңғы рет тек 2004-жылы 1-1 есебімен те түсіпті.. 1-ші этаптағы ойындары: 31 наурыз «Атырау» — «Қайрат» 2:2 (Шафф, Чуреев — Струков, Головской). 9 шілде «Қайрат» — «Атырау» 2:0 (Сүйімағамбетов, Христов). «Восток»пен «Қайсар» өз арасында 32 кездесу өткізіпті. Шығыс Қазақстандықтар 17 рет жеңсе, 5 кездесу тең аяқталыпты.  Қызылордалықтар болса 10 рет деңіпті. Доп айырмашылығы бойынша (42–29)  "Восток" басым келеді. Өскеменде өткен 16 кездесуде алаң иелері 12, қонақтар 2 рет жеңіске жетіпті. 2 кездесуде қос клуб тең тарқасыпты. "Қайсар" соңғы рет  Өскеменде  2007-жылы 1-0 есебімен жеңіпті. Ал, Шығыс Қазақстанда өткен соңғы 3 кездесуде "Восьок" жеңіс тойын тойлапты. 1-ші этаптағы ойындары: 12-наурыз  «Қайсар» — «Восток» 1:1 (Максим — Мрджанин). 23 шілде  «Восток» — «Қайсар» 2:0 (Николаев, Уразбахтин). "Ертіс" пен "Ордабасы" арасындағы кездесу нәтижесінде  Павлодарлықтар біраз басым. Олардың пайдасында 11, ал "Ордабасылықтарда " 9 жеңіс. 4 кездесу болса тең аяқталыпты. «Ертіс» 2 рет өз қарсыластарын ірі есеппен сүріндіріпті. Олар-  2001 (5:1) және  2008 (4:0) жылдары. 1-ші этаптағы ойындары: 15 мамыр «Ертіс» — «Ордабасы» 2:0 (Заречный, Мальцев). 21 мая «Ордабасы» — «Ертіс» 3:0 (Перич-2, Касьянов). «Жетісу» — «Астана» 6 /+4=0–2/ 5–2 «Шахтёр» — «Ақтөбе» 38 /+12=14–12/ 37–31 «Тобыл» — «Тараз» 30 /+21=3–6/ 47–21 «Қайрат» — «Атырау» 20 /+8=7–5/ 24–21 «Восток» — «Қайсар» 32 /+17=5–10/ 42–29 «Ертіс» — «Ордабасы» 24 /+11=4–9/ 30–25 Автор: Думан Балықбаев Қазақстан премьер лигасының 24-туры кездесулерінің басталу уақыттарын назарларыңызға ұсынамыз:. Премьер-Лига 24-тур, 20 тамыз 17:30 «Восток» — «Қайсар» 18:00 «Шахтер» — «Ақтөбе» 18:30 «Жетісу» — «Астана» 19:00 «Тобыл» — «Тараз» 19:00 «Ертіс» — «Ордабасы» 19:00 «Қайрат» — «Атырау» * Басталу уақыттары Астана сағатымен берілген. ffk.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров