Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионаты қайта тоқтауы мүмкін бе?

02.07.2020, 18:40
Енді басталды ма дегенде... Нақты шешімді күтейік.
Жарнама
Жарнама

Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге спорттық шараларға тыйым салуды енгізді.

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында шектеу шараларын енгізу туралы ұсынылған шаралар туралы баяндады. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі мен Қазақстанда коронавирустық инфекциялардың таралуының артуын ескере отырып, Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Азаматтардың қозғалысы туралы:

1. Көңіл көтеру, спорттық және өзге де қоғамдық шараларға, сондай-ақ отбасылық және еске алу шараларына тыйым салу.

2. Ашық аспан астында жеке жаттығуларға рұқсат беріледі.

Үкімет басшысы елдегі коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына байланысты бұл шектеу шараларын тағы да 2 аптаға ұзартуға немесе күшейтуге болатындығын атап өтті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров