Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионатындағы жазғы трансферлік терезенің мерзімі аяқталды

31.07.2021, 17:16
Клубтар алдағы 30 күн ішінде еркін агенттерді қатарына қоса алады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Біріншіліктерінің қатысушылары үшін 2021 жылғы маусымдағы жазғы трансферлік кезеңнің аяқталғаны туралы хабарлайды.

Трансферлік терезе 1 шілдеде ашылып, 29 шілдеде ресми түрде жабылды. 

Сонымен қатар, FIFA TMS жүйесінде 29 шілдеде бірнеше трансфер тіркелді, бірақ олар жақын арада аяқталады. ҚКФЛ осы трансферлер қорытындысы бойынша қосымша хабарлайды.

Жазғы трансферлік терезе жабылғаннан кейін 30 күн ішінде OLIMPBET-Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Біріншіліктеріне қатысушы клубтар Қазақстан футбол федерациясының дауларды шешу палатасы арқылы еркін агенттерді тіркеуге мүмкіндігі бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров