Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионатының мамыр айындағы үздік бапкері анықталды

20.06.2021, 23:13
Ақтаулық клуб мамыр айында 5 матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті, бір мәрте тең ойнады.
Жарнама
Жарнама

OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының мамыр айындағы үздік бас бапкері анықталды. Сауалнама отандық командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді. 

Мамыр айының үздік бас бапкері болып ақтаулық «Қаспий» командасының жаттықтырушысы Срджан Благоевич танылды. Сербиялық маман 5 ұпай жинады. 

Аталмыш сауалнамада екінші орынды «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян иеленді, қостанайлық ұжымның бапкеріне өз дауыстарын 4 маман берді. Үздік үштікті «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов түйіндеді. Ресейлік маман 3 ұпай жинады. 

Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 16-турындағы «Қаспий» - «Қайсар» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров