Жарнама
Жарнама

Қазақстан чемпионатының мамыр айындағы үздік ойыншысы анықталды

14.06.2021, 19:11
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік ойыншысын анықтады. 

Мамыр айының үздігі болып елордалық «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов атанды. Хорватиялық ойыншы 34 ұпайға ие болды. 


Екінші орынды 19 ұпаймен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Хосе Канте иеленсе, үздік үштікке «Тобыл» командасының ойыншысы Асхат Тағыберген кірді. Ол 16 ұпай жинады. 


Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 15-турындағы «Астана» - «Тобыл» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров