Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол федерациясына УЕФА тарапынан айыппұл салынды

29.05.2022, 23:28
ҚФФ жанкүйерлерге үндеу жасады.
Жарнама
Жарнама

Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен өткен ойында жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақттырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады

«Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз.

Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды үміттенеміз!», - деп жазылған хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров