Көктемде басталатын ел чемпионатына дайындықты бастаған клубтарда ауыс-түйiс жүрiп жатыр. Шебер ойыншылар қаржылық әлеуетi зор клубтарға алдымен ауысуды көздейтiнi белгiлi. Кейбiр команда сайыпқыран ойыншыларды сырттан шақыртуды бастап кеттi. Серб футболшысы Неманья Йованович ендi алматылық клубтың мүшесi болды. Былтырғы маусымда ол “Таразда” ойнап, алаңға 34 мәрте шығып, еншiсiне 10 гол жазыпты. Неманьямен “Қайрат” басшылары бiр жылдық келiсiмшартқа қол қойса, Латвия ұлттық құрамасының шабуылшысы Кристапс Бланкс сынаққа келдi. Егер Бланкс бiлiктi ойыншы екенiн дәлелдей алса, алматылық клубтың жейдесiн киедi.
Бұған дейiн ол латвиялық “Тукумс”, “Сконто” клубтарында ойнады. “Сконто” клубында жүргенде екi рет Латвия чемпионы атанды.
Қазiргi уақытта Дмитрий Огай баптайтын алматылық “Қай рат” клубы Түркияда оқу-жат тығу жиынын өткiзiп, екiншi жолдастық кездесуде жеңiске жеттi. 13 қаңтарда Түркияның III дивизионында өнер көрсететiн “Пазарспор” клубынан 3:2 есебi мен жеңiлген едi. Кеше “Goal Management Group” футбол агент тiгiнiң футболшыларын 2:0 есебiмен ұтты. Осы ойында “Қайраттың” қатарына қабылданған Неманья Йованович пен сынақта жүрген Кристос Бланкс гол соқты.
Басқа клубтар да легионер тартумен қатар оқу-жаттығу жиындарында жолдастық кездесу өткiзiп үлгердi. Мәселен, талдықор ғандық “Жетiсу” клубы молдовалық “ЦСКА-Рапид” клубынан 2:3 нәтижесiмен ұтылды. Жетiсулықтар сапынан Мантса Савенас пен Дәурен Құсайынов гол соқты.
Жас АЛАШ