Жарнама
Жарнама

Қазақстан футболындағы жаңалықтар тізбегі

10.01.2014, 04:26
Жарнама
Жарнама
«Шахтер» заинтересовался нападающим «Славии» Белоруссиялық «Славия» командасының шабуылшысы Денис Лаптевке  Қарағандылық «Шахтёр» қызығушылық білдіруде. Қазақстандық команда футболшымен келісім-шарт жасасуға дайын.  Денис «Славия» сапында 25 ойын өткізіп, 12 голды өз еншісіне жазған. 9 голын ішкі біріншілікте, 3 голды Беларуссия Кубогында соққан. ********************************************************************************************************************** Екі маусым  «Ертісте» ойнаған Штепан Кучера қостанайлық «Тобыл» командасына қайтып оралды.  Чех футболшысы қорғаныс шебінде ойнайды. Прага қаласында дүниеге келген. ********************************************************************************************************************** Қызылордалық «Кайсар» командасымен қысқы оқу-жаттығу жиынында сербиялық футболшы Милан Чулум жаттығуда. 29 жасар футболшы «Раднички» (Ниш) футбол академиясының түлегі.Футболшының бойы- 2 метр. Cербиялық «Славия» (Нови Сад), «Цемент» (Беочин), ОФК (Белград), «Срем» (Сремска Митровица), «Спартак» (Суботица), «Чукарички Станком» (Белград), «Смедерево» мен «Хайдук» (Кула), босниялық «Железничар» (Сараево) және ресейлік «Волгарь-Газпром» (Астрахань) клубтарында өнер көрсеткен.
********************************************************************************************************************** 28-жасар черногориялық шабуылшы Милан Пурович «Кайсар» командасының бас бапкері Дмитрия Огайдың назарына ілікті. Түркиялық «Карагюмрюк» командасымен болған жолдастық кездесуде ойынға шығып, нәтижелі пастың авторы атанды. «Будучность» футбол мектебінің түлегі Милан Пуровичтің бойы 192 сантиметр. «Црвене Звезда» сапында 58 ойында 21 гол соққан шабуылшыны  португалдық «Спортинг» командасы сатып алды. «Спортингта» 15 ойын өткізіп, 2 рет нысананы дәл көздеген. Кейін түркиялық «Кайсериспор» командасына жалға беріледі.  Венгриялық «Видеотон», словениялық «Олимпия», португалдық «Белененсеш» и бельгиялық «Серкль»,  сербиялық «ОФК», украиналық «Металлург» командаларында бақ сынаған. Қазіргі кезде  «Бежанияның» ойыншысы. Черногория ұлттық құрамасында 7 ойын өткізген.
********************************************************************************************************************** 21 жасар сенегалдық жартылай қорғаушы Абдулай Дьялло «Атырау» командасының құрамын толықтыруы мүмкін.  Дьялло өз еліндегі «Каса Спорт» командасында 5 жыл ойнаған. 2012 жылы команда сапында ел чемпионы атанған. 2011 жылы «Каса Спорт» командасымен Сенегал Кубогын ұтып алған. Атырау командасы бұған дейін нигериялық Майкл Одибе және камерундық Ги Эссаме сынды легионерлермен толыққан болатын. **********************************************************************************************************************  
Абылайхан ЖҰМАШ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров