Қарағандылық "Шахтер" 23 жасар Бауыржан Жолшиевпен ортақ келісімге келді.
(Сурет Baq.kz сайтынан алынды)
Қырғызстан елінің тумасы, алматылық «Цесна» командасының түлегі Қазақстан Премьер-лигасында «Алма-Ата» командасында 2 ойын, «Атырау» сапында 41 ойын 3 гол және «Тобыл» командасында 41 ойын өткізіп 14 голдың авторы атанған.
Өткен маусым Бауыржан үшін аса сәтті өтті деп айтуға болмас. Тобылдың құрамында бар-жоғы 9 ойын өткізіп, 3 рет гол соққан. Қазақсатан ұлттық құрамасының сапында 6 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды.
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Валерий Коробкин «Ақтөбе» командасының ойыншысы атанды.
(Сурет Sports.kz сайтынан алынды)
29 жасар жартылай қорғаушы ел чемпионы «Ақтөбе» командасымен 2 жылдық келісім-шарт жасасты.
Еске сала кетейін, өткен маусымда бұл ойыншы Астана командасымен күміс жүлдеге қол жеткізген.Ел чемпионатында 25 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Ұлттық құрамада 8 ойын өткізген.
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Павлодарлық Ертістің шабуылшысы Сергей Струков командадан кетті.
(Сурет Sports.kz сайтынан алынды)
Сергейдің еншісінде 15 ойын, 4 гол. Ертіс бұл ойыншының Қазақстандағы ең алғашқы командасы. Бұдан бөлек Ақтөбе, Қайрат, Тобыл командаларында да бағын сынап көрген. Жалпы Қазақстан чемпионатында 151 ойын өткізіп, 45 голдың авторы атанған.
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Жаңа маусымда Қазақстан Премьер-лигасында ойнауға жолдама алған семейлік Спартак командасы жаңа бас бапкер іздеуде.
(Сурет Vesti.kz сайтынан алынды)
Өз кезегінде семейлік "Спартак" командасы Валерий Журавлевтің жетекшілігімен Бірінші лиганың 2 орынын иеленген. Премьер лигаға жолдама алу үшін Восток командасымен жауапты ойын өткізген. Нәтижесінде Спартак командасы 1-0 есебімен Восток командасынан басым түсті.
Жаңа маусымды жаңа бапкермен бастамақшы болған семейлік Спартакты Алмас Құлшынбаев жаттықтыру мүмкін. Құлшынбаев Бірінші лиганың қатысушысы Сұңқар командасын жаттықтырған.
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Йован Голичке Тараз командасы қызығушылық танытуда.
(Сурет Фк Атырау сайтынан алынды.)
Өткен маусымда "Атырау" командасының жейдесінде өнер көрсеткен 27 жасар серб ойыншысы 17 рет жасыл алаңға шығып, 1 мәрте мергендігімен танылған.
Сондай-ақ, футболшының өзі де «Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында Атырау командасынан кететінін мәлімдеді.
::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Владимир Муханов жақын арада «Химки» командасын жаттықтыру мүмкін. Бұл туралы OneDivision.ru интерет-порталы ақпарат таратты.
(Сурет Sports.kz сайтынан алынды.)
Муханов осыған дейін Воронеждің «Факел» командасын жаттықтырып келген болатын. Бұл бапкер қазақстандық жанкүйерлер үшін жақсы таныс. Кезінде Ақтөбе командасымен жақсы жетістіктерге жеткен болатын.
:::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
Астана командасының шабуылшысы Сисеру елордалық командада қалатынын мәлімдеді.
Португалиялық Спортинг және мәскеулік Динамоның бұрынғы шабуылшысы Сисеру Астана командасына жазғы трансферлік маусымда ауысып келген болатын.Ол команданың негізгі құрамына еніп, 8 ойында 2 гол авторы атанды.
::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::::
(жалғасы бар)
Абылайхан ЖҰМАШ