Қазақстан кубогінің екінші кезеңінде ойнайтын командалар белгілі болды

08.04.2022, 00:37
Екінші кезеңде сегіз команда бақ сынайды.

Қазақстан кубогінің алғашқы іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл кезең аясында сегіз матч өтіп, жеңімпаздар екінші кезеңге жолдама алды.

Алғашқы кезеңнің нәтижелері мынадай:

«Игілік» — «Жеңіс» — 1:2

«Қыран» — «Оңтүстік академиясы» — 0:3

«Aqtobe City» — «Арыс» — 2:1

«Қайсар» — «Оқжетпес» — 2:0

«Яссы» — «Хан-Тәңірі» — 0:0 (пенальти сериясы — 2:1)

«Жетісу» — «Алтай» — 4:0

«SD Family» — «Жас Қыран» 1:1 (пенальти сериясы — 5:6)

«Байқоңыр» — «Жас Сұңқар» — 1:4. 

Қазақстан OLIMPBET- Кубогінің екінші кезеңінде келесі командалар ойнайды:

«Aqtobe City» «Жетісу»

«Қайсар» «Жас Сұңқар»

«Оңтүстік академиясы» «Жеңіс»

«Яссы» «Жас Қыран»

Барлық ойындар 12 сәуірде жұптарда бірінші болып көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді.