Қазақстан Кубогінің иегері ҚПЛ басқа клуб таңдады

01.02.2023, 22:16


"Ордабасы" қақпашысы Тимурбек Зәкіров мансабын "Қызыл-Жарда" жалғастырмақ.

Зәкіров петропавлдық клубта 2016 және 2019 жылдар аралығында өнер көрсетіп кеткен болатын. Бұған дейін, 26-жасар қақпашы түркістандық "Мақтааралға" ауысады деген ақпар тараған еді

2022 жылғы маусымда Тимурбек "Ордабасы" үшін 11 ойын өткізді. Шымкенттік ұжым қатарында ол, Қазақстан Кубогін еншіледі.

Еске салайық, "Ордабасы" финалдық ойында "Ақжайықтан" 5:4 есебімен айласын асырып кетті.