Жарнама
Жарнама

Қазақстан Кубогінің шілде айындағы үздік ойыншысы анықталды

15.08.2021, 18:22
Айдос Қазақстан Кубогінің үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап тұр.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен OLIMPBET-Қазақстан Кубогінің үздік ойыншысын анықтады. 

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік ойыншысы болып қарағандылық «Шахтер» командасының тәжірибелі шабуылшысы Айдос Тәттібаев атанды. Қазақстандық ойыншы 21 ұпай жинады. 

Аталмыш тізімде екінші орынға елордалық «Астана» клубының көшбасшысы Марин Томасов жайғасты. Ол Тәттібаевтан бір ұпайға артта қалды. Үшінші орында – «Қайрат» командасының шабуылшысы Артур Шушеначев. Шушеначев 12 ұпайға қол жеткізді. 



Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Кубогінің 5-турындағы «Шахтер» - «Ордабасы» ойынының алдында ҚКФЛ атқарушы директоры Қуаныш Бақытбеков табыстады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров