Жарнама
Жарнама

Қазақстан Кубогы. «Еуропаға бастар сара жол»

25.04.2014, 03:21
Жарнама
Жарнама
Кубок Казахстана: «Окно в Европу» Қазақстан Кубогы жолындағы алғашқы ойындар аяқталды. 23-ші рет өтіп жатырған жарыста  барлығы 22 команда өзара күш сынасты. «Шахтёр», «Тараз», «Ақтөбе», «Ертіс», «Астана» командалары жарысты келесі кезеңнен бастайтын болды. Жарыс жеңімпазы Еуропа Лигасына қатысуға жолдама алады. Сонымен алғашқы ойындар ойнатылды. Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсететін жеті команда Бірінші Лиганың командаларымен кездесу өткізіп, екеуі жарыс жолынан шығып қалды. Олар  семейлік «Спартак» пен «Жетісу» командалары. «Спартак» 0:2 есебімен шымкенттік «Лашыннан» ұтылса, талдықорғандық  «Жетісу» 1:5 есебімен «Гефесттен» ойсырай ұтылды. Қалған ойындардың нәтижесін төменнен көре аласыздар: Алғашқы ойын. 23 сәуір 2014 жыл. «Жетісу-Сункар» — «Кайсар» 0:2 (0:1) Гол салғандар: Хунт 44 (0:1), Нәрзілдаев 54 (0:2) Бас төреші: Быстров (Сарань) 23.04.2014. Талдықорған. «Жетісу». 100 жанкүйер. «Болат-АМТ» — «Атырау» 0:2 (0:0) Гол салғандар: Гридин 54 (0:1), Эссаме 71 (0:2) Бас төреші: Абдуллаев (Қаратау) 23.04.2014. Теміртау. «Металлург». 150 жанкүйер. «Гефест» — «Жетісу» 5:1 (0:0) Гол салғандар: Антоненко 46 (1:0), Антоненко 68 (2:0), Есімханов 77 (2:1), Левин 82 (3:1), Әбіләкімов 85 (4:1), Сердюков 90 (5:1) Бас төреші: Алёшин (Павлодар) 23.04.2014. Сарань. «Сұңқар». 500 жанкүйер. «Екібастұз» — «Ордабасы» 0:3 (0:2) Гол салғандар: Нұрғалиев 19-пенальти (0:2), Нұрғалиев 42 (2:0), Нұрғалиев 52-пенальти (0:3) Бас төреші: Лесив (Семей) 23.04.2014. Екібастұз. «Шахтёр». 1000 жанкүйер. «Бәйтерек» — «Тобыл» 0:4 (0:1) Гол салғандар: Бугаев 10 (0:1), Богданов 47 (0:2), Малышев 56 (0:3), Джалилов 79 (0:4) Бас төреші: Омаров (Алматы) 23.04.2014. Астана. «Астана Арена». 300 жанкүйер. «Лашын» — «Спартак» 2:0 (1:0) Гол салғандар: Яковлев 29 (1:0), Яковлев 78-пенальти (2:0) Бас төреші: Сариев (Орал) 23.04.2014. Қаратау. «Орталық». 500 жанкүйер. «Оқжетпес» — «Қайрат» 1:3 (0:2) Гол салғандар: Лачны 3 (0:1), Лачны 26 (0:2), Нехтий 86 (0:3), Бөлешев 89 (1:3) Бас төреші: Кумашев (Астана) 23.04.2014. Көкшетау. «Жастар». 1000 жанкүйер. «Астана-1964» — «Махтаарал» 4:0 (3:0) Гол салғандар: Ескұлов 4-пенальти (1:0), Седько 29 (2:0), Седько 36 (3:0), Панащенко 51 (4:0) Бас төреші: Қызылбаев (Ақтөбе) 23.04.2014. Астана. «Астана Арена». 200 жанкүйер. «Каспий» — «Восток» 1:4 (0:2) Гол салғандар: Молтусинов 2 (0:1), Ибраев 25 (0:2), Жаханов 47-автогол (1:2), Ибраев 51 (1:3), Утробин 58 (1:4) Алаңнан қуылды: Аллашүкіров 30 («Каспий», екінші сары қағаз) Бас төреші: Тевяшов (Орал) 23.04.2014. Ақтау. «Жас Қанат». 1500 жанкүйер. ЦСКА — «Қызыл-Жар СК» 0:3 (0:1) Гол салғандар: Досманбетов 16 (0:1), Бекмухаев 74 (0:2), Вал.Миллер 78 (0:3) Бас төреші: Чеховский (Астана) 23.04.2014. Алматы. УТЦ ЦСКА. 300 жанкүйер. «Қыран» — «Ақжайық» 3:0 (0:0) Гол салғандар: Чикризов 48 (1:0), Набиев 59 (2:0), Чикризов 82 (3:0) Бас төреші: Сахи (Қызылорда) 23.04.2014. Шымкент. Қажымұқан атындағы алаң. 700 жанкүйер. 1/8 финалға шыққандар: — «Қайсар» (Қызылорда) — «Атырау» (Атырау) — «Гефест» (Сарань) — «Ордабасы» (Шымкент) — «Тобыл» (Қостанай) — «Лашын» (Қаратау) — «Қайрат» (Алматы) — «Астана-1964» (Астана) — «Восток» (Өскемен) — «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) — «Қыран» (Шымкент) — «Шахтёр» (Қарағанды) — «Тараз» (Тараз) — «Ақтөбе» (Ақтөбе) — «Ертіс» (Павлодар) — «Астана» (Астана). Қазақстан Кубогінің 1/8 финалы 14 мамыр күні өтпек.     Абылайхан ЖҰМАШ  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров