Жарнама
Жарнама

Қазақстан мен Әзербайжан жасөспірімдер құрамалары тең ойнады

08.06.2022, 19:30
Жастарымыз 10 маусымда тағы бір матч өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Габалада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Кездесудің 54-минутында қазақстандық шабуылшы Ян Труфанов алаң иелерінің қақпасына гол соғып, есеп ашты. Әзербайжан құрамасы ойынның 86-минутында Джавад Керимовтің голымен жауап қайтарды.

Вахид Масудовтың командасы 10 маусым күні алаң иелерімен тағы бір жолдастық ойын өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров