Хорациу Фесник бастаған румыниялық төрешілер бригадасы Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы ойынға қазылық етеді, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты.
Фесникке қос қапталдан Валентин Аврам мен Александру Черец көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Раду Петреску атқарады.
Еске салайық, Қазақстан - Беларусь матчы ертең, 22 қыркүйекте «Астана Аренада» өтеді.
Біздің серіктес: FONBET