Иван Кружляк бастаған словакиялық төрешілер тобы Қазақстан мен Молдова арасындағы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчқа төрелік етеді.
Еске салайық, Кишиневте өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталған болатын.
Қос команда арасындағы қарымта ойын ертең, 29 наурызда сағат 20:00-де «Астана Аренада» өтеді.
Төрешілер: Иван Кружляк, Бранислав Ханцко, Ян Позор, Филип Глова (барлығы – Словакия)
VAR-ға жауапты төрешілер: Паоло Валери, Даниэле Довери (екеуі де Италия)
Біздің серіктес: FONBET