Жарнама
Жарнама

Қазақстан мен Өзбекстан чемпиондары арасында жолдастық кездесу өтті

11.02.2012, 18:45
Жарнама
Жарнама
Кеше Түркияда Қарағандының «Шахтері» мен Тәшкенттің "Бунёдкор" командасы арасында жолдастық кездесу өтті. Онда қарағандылықтар қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Виктор Кумыков  жаттықтыратын  «Шахтер» командасы өткен маусымда тұңғыш рет Премьер лигада чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Ал Миржалол Касымов жаттықтыратын "Бунёдкор"  Өзбекстанның Кәсіби футбол лигасында  қатарынан соңғы 4 жыл бойы  чемпиондық атақты ешкімге бермей жүрген команда. Олар сондай-ақ, 2 мәрте Өзбекстан кубогын иеленіп, 2008 жылғы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсеткен болатын. Бұл жолы футбол жанкүйерлерінің көпшілігі тікелей эфир арқылы көрсетілген бұл ойында өзбекстандықтардың бәсі жоғары деп санаған еді. Алайда қазақстандықтар қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Кездесудің екінші жартысында Жамбыл Көкеевтің бұрыштамасынан кейін жартылай қорғаушы Гедиминас Вичюс есеп ашқан болатын.  Оны тағы бір жартылай қорғаушы Мақсат Байжанов  айып алаңынан соққан добымен еселей түскен еді. Тәшкенттіктер ойынның соңында ғана жалғыз доппен жауап бере алды. Бұл күні сонымен қатар қарағандылықтардың екінші құрамы да тәшкенттік футбол клубының жастарымен кездесу өткізген болатын. Онда Өзбекстан футболшыларының қақпасына Асхат Боратаев пен Станислав Лунин жауапсыз екі доп енгізді Автор: Ерлік Ержанұлы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров