Жарнама
Жарнама

Қазақстан – Молдова. 3:1. Жаман емес

07.02.2013, 22:20
Жарнама
Жарнама
Қосқан М.Әуелханұлы Түркияда Молдовамен жолдастық кездесу өткізген Қазақстан Ұлттық құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жерлестерміз бірінші боп есепті ашты. Қонысбаевтың пасынан Дмитренко қақпаны дәл нысанаға алады. Екінші таймда Джолчиев есепті еселеді. Бірден басымдықты бере алған отандастарымыз он минут өткенде гол жіберіп алды (онысыз қалай?). Міне-міне екінші гол соғайын деп тұрған молдавиялықтар қорғаныста қателік жіберіп алды. Қақпашымен бірге-бір шыққан Джолчиев мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ұлттық құрама 2013-ті жеңістен бастады.Команданың ойын өрнегіне келер болсақ, Пан Беранектің тактикалық тұрғыдағы еркше қадамдарын байқамадық. Қонысбаев екі нәтижелі паспен көзге түсті. Джолчиевтің бірәз “қосқаны” көрініп тұр. Ал былтырғымен салыстырсақ, айрықша ештеңе жоқ. Нағыз тексеріс алда. Швайнштайгер мен Подольскийлердің емтиханы күтіп тұр… Қазақстан – Молдова. 3:1 Голдар: Дмитренко, Джолчиев, Джолчиев. Командалар құрамы:Казақстан: Сидельников, Киров, Логвиненко, Гурман, Нұрдәулетов, Қонысбаев, Дмитренко Хайруллин, Байжанов, Нөсербаев, Жолчиев Молдова; С.Пащенко, Головатенко, Раку, Иванов, А.Епуряну, А.Пащенко, Гацкан, Пикущак Булгару, Суворов, Дедов спортсарап.кз
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров