Қазақстан-Молдова матчының үздік ойыншысы анықталды

30.03.2022, 14:47
Алғашқы үштікке Молдова футболшылары енді.

SofaScore аналитикалық порталы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Қазақстан мен Молдова (0:1, 5:4 – пенальти бойынша) арасында өткен қарымта матчтағы ойыншылардың ұпайларын жариялады.

Қазақстан құрамасында 7,9 ұпай жинаған 31 жастағы қорғаушы Сергей Малый үздік деп танылды. Екінші орынға қақпашы Игорь Шацкий (7,9) жайғасса, үшінші орынды Бақтиер Зайнутдинов (7,2) иеленді.

Ал матчтың үздік ойыншысы болып тәжірибелі молдовалық қорғаушы Игорь Армаш танылды (8,4). Үздік үштікке жартылай қорғаушы Михаил Каймаков (8,1) мен қақпашы Дорин Райлеан (8,0) енді.