Жарнама
Жарнама

Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасынан жеңіліс тапты

08.09.2020, 02:54
Матч соңында бір ұпайдан да айырылып қалдық.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында өткен Беларуссияға қарсы матчта жеңіліске ұшырады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды екінші таймда көруге мүмкіндік алдық. Қонақтар сапынан Скавыш 53-минутта есепті ашып кетті. Ал 62-минутта Айымбетов Беларусь құрамасына жауап қатып, есепті теңестірді. 86-минутта Сүйімбаевтың өрескел қателігінен кейін Лисакович жеңіс голын соғып кетті.

Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы 3-ші орынға түсіп қалды. Ал алғашқы үш ұпайын алған Беларуссия екінші орынға көтерілді

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров