Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған командалар белгілі болды

23.10.2021, 23:24
Қос команда Бірінші лиганың аяқталуына бір тур қалғанда жоғарғы дивизионға жолдама алды.
Жарнама
Жарнама

Бірінші лиганың 21-турынан кейін Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған клубтар белгілі болды,

Бұл турда «Ақсу» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңді. 47 ұпаймен көш басында тұрған павлодарлық клуб Бірінші лиганың аяқталуына бір тур қалғанда Премьер-лигаға жолдама алды.

Ал «Мақтаарал» өз алаңында «Оңтүстік Академиясынан» 2:0 есебімен басым түсті. 46 ұпайы бар «Мақтаарал» үшінші орындағы «Қыраннан» төрт ұпайға озып кетті. Сондықтан соңғы турда жеңіліп қалса да, түркістандық клуб екінші орыннан түспейді.

Айта кетейік, қос клуб та өз тарихында алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына жолдама адып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров