Футболдан Қазақстан премьер-лигасындағы 12 клубта 4-5 елдің маманы бас бапкер болып қызмет етеді.
Күні кеше Қазақстан премьер-лигасындағы "Тобыл" футбол клубының бас бапкері, Армения маманы Вардан Минасянды қызметінен босатылды. Егер Минасянды есепке алмасақ, Қазақстан премьер-лигасында (ҚПЛ-да) 4 мемлекеттің жатықтырушылары бас бапкер болып қызмет етеді екен. Қостанай клубы әзірше Сергей Маслёновты уақытша бас бапкер
Жалпы, биыл қазақ футболындағы еуропалық бас бапкерлер саны азайған. Мұның сыры жаһандық немесе аймақтағы экономикалық дағдарысқа байланысты ма, әлде жылдан жылға өз мамандарымызды қолдауға һәм соларға сенім артуға көштік пе, белгісіз...
Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін Қазақстан премьер-лигасында Голландия, Германия, Сербия, Чехия мамандары да қызмет етіп, қазақ футболын дамытуға өз үлестерін қосқандай болған.
"Атырау" – Владимир Никитенко (Қазақстан)
"Қайсар" – Дмитрий Огай (Қазақстан)
"Шахтер" – Владимир Чебурин (Қазақстан)
"Тараз" – Евгений Яровенко (Қазақстан)
"Қайрат" – Владимир Вайсс (Словакия)
"Астана" – Станимир Стойлов (Болгария)
"Оқжетпес" – Владимир Муханов (Ресей)
"Ордабасы" – Виктор Кумыков (Ресей, Кабардино-Балкария)
"Ақтөбе" – Владимир Газзаев (Ресей, Солтүстік Осетия)
"Ертіс" – Дмитрий Черышев (Ресей)
"Тобыл" – ?
"Жетісу" – ?
www.alashainasy.kz