Жарнама
Жарнама

Қазақстан премьер лигасының алғашқы айналымына нүкте қойылды.

04.08.2011, 03:42
Жарнама
Жарнама
Қазақстан премьер лигасының алғашқы айналымына нүкте қойылды. Қорытынды ойын еурокубоктың іріктеу сындарында еліміздің намысын қорғаған қос клуб Ертіс пен Шахтер арасында өтті. Қос тарлан арасындағы матч тартысты өтті. Ойынның 27-минутында Андрей Финонченконың 30 метрден қақпаға бағыттаған добы Цирин қақпасынан табылды. Ертіс болса , лезде есін жиып гол салынғанынан 6 минут өтпестен айыпдобын орындауға мүмкіндік алды. Айып добын орындаушы Данаев есепті 1-1 ге деткізді. Ойынның екінші бөлігінде Тілешов допты Эдуард Сергиенконың бойынан асырып , қарағандылық клубтың қақпасының осал тұсын анықтады. Ойынның бітуіне жеткілікті уақыт болса да Шахтер клубы қанша тырысқанымен есепті қысқарта алмады. 14-тамыз күні Қазақстан премьер лигасының екінші айналымы басталады. Шахтердың екінші айналымдағы алғашқы кездесуі Астанамен қарсы болса , Ертіс Талдықорғанға жол тартады «Ертіс» — «Шахтер» 2:1 (1:1) Голдар: Финонченко 27 (0:1), Данаев 33 (1:1), Тілешев 52 (2:1).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров