Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрама командасы

03.04.2011, 21:10
Жарнама
Жарнама
Тарих параҒынан сыр шертсек біздің футболдың да біле жүрер тұстары бар. Жанкүйер қауымға 25-сәуір күніне орайластырып қазақ футболының тарихы жайлы сөз қозғасақ. 
Конфедерация УЕФА
Федерация Қазақстанның Футбол федерациясы
Бас бапкер Мирослав Беранек
Капитан Нұрбол Жұмасқалиев
Құрама сапында ең көп ойын өткізген Руслан Балтиев(73)
Үздік бомбардир Руслан Балтиев(13)
Стадионы «Астана Арена»
ФИФА-дағы рейтингі 132
Код ФИФА KAZ
Қазақстанның футбол құрамасы өзінің ең бірінші ойынын 1996 жылдың 14 маусымында, «Азия Кубогының» іріктеу сынында өткізген. Команда 7-топта Сирия, Катар құрамаларымен күш сынасқан болатын. 1 матчты Катар құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейінгі 3 ойында да ұтылып, жауапсыз 6 гол жіберіп алды. ӘЧ-1998-жылы 9 топта Ирак пен Пәкістанға қарсы ойнап, Иракты – 2:1 және 3:1, Пәкістанды 3:0 және 7:0 есебімен ұтты. Екінші раундта Оңтүстік Корея, БАӘ, Өзбекстан, Жапонияға қарсы ойнап, ақырғы орыннан көрінді. Қарсыластарын үш мәрте сан соқтырып, үш мәрте тең түсіп, төрт мәрте ұтылған болатын. Азия Кубогінің 2000-жылғы іріктеу кезеңінде бір топта Катар, Иордания, Палестина, Пәкістан құрамаларымен күш сынасты. Осы іріктеуде 2 орынды иемденді, Бірінші орындағы Катар құрамасынан 1 ұпайға қалып қойды. ӘЧ-2002-де Непал, Макао, Иракпен бір топта сынасып, Ирак командасымен тең ұпай жинады, бірақ қосымша жетістіктерден артта қалды. 2000 жылы ҚФФ Азиядағы футболдың қарқыны төмен деген шешімге келіп, УЕФА-ға ауысты. 2002 жылы УЕФА Қазақстанды Еуропалық ел деп қабылдады (еліміздің батыс аймағы Еуропаға кіреді, бұл жерге Германия, Голландия, Бельгия секілді елдер сиып кетеді). Сондықтан Азия Кубогы-2004 пен ЕУРО-2004 турнирлерінде ойнамады. 2002 жылдың Желтоқсанында бас бапкерлікке орыс маманы Леонид Пахомов шақырылды. ӘЧ-2006 турнирінде Украина, Дания, Грекия, Түркия, Албания, Грузия секілді құрамаларға қарсы ойнап, 12 матчта 1 ұпай жинап, турнир кестесінің ең соңында тұрды. 2007 жылдың 24 наурызында құрама Алматыда Сербияны 2:1 есебімен ұтып, өзінің еуропадағы ең бірінші жеңісіне қол жеткізді. Голдардың авторлары Қайрат Әшірбеков пен Нұрбол Жұмасқалиев. ЕУРО-2008 іріктеу турнирінде, Польша, Португалия, Армения, Әзірбайжан, Финляндия, Сербия, Бельгия құрамаларына қарсы ойнап, 2 рет ұтып, 4 рет тең түсіп, 8 рет ұтылып 10 ұпай жинаудың арқасында, топта алтыншы орында иемденді. Бұл құраманың осы күнге дейін көрсеткен ең үздік жетістігі. Бұл жерде голландиялық бапкерАрно Пайперстің еңбегі ерен еді. Аталмыш жетістікті қазіргі күні қайталамақ түгіл, құрамамызға гол соғу арман болып кетті. ӘЧ-2010 турнирінде, 10 матч өткізіп, соның екеуінде (Андорраға қарсы) жеңіске жетіп, 6 ұпаймен 5 орынды иемденді. 11 гол соғып, 29 гол жіберді. ЕУРО-2012 турнирінің алғашқы 4 іріктеу матчында да ұтылған құрамаға, Бернд Шторк бапкердің орнына, Мирослав Беранек шақырылды. Ол Белорусия командасымен өткізілген жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең түсті. Ал «неміс мәшинесінен» қонақта 3:0 есебімен ойсырай ұтылды. Ұлттық құрама бапкерлері
Бапкер Карьера Ойын саны Ұтыс Тең нәтиже Ұтылыс Жеңіс %-ы
Бақтияр Байсейітов 1992 7 4 3 0 57,14
Бауыржан Баймұхаммедов 1994 4 1 2 1 25
Серік Бердаллин 1995-1997 20 6 4 10 30
Сергей Гороховадский 1998 5 2 1 2 40
Ваит Талғаев 2000 9 5 0 4 55,56
Вахид Масудов 2001-2001 9 4 4 1 44,44
Леонид Пахомов 2003-2004 9 0 2 7 0
Сергей Тимофеев 2004-2005 13 0 1 12 0
Арно Пайперс 2006-2008 36 7 11 18 19,44
Бернд Шторк 2008-2010 9 2 0 7 22,22
Мирослав Беранек 2011-... 2 0 1 1 0
Ардагер ойыншылар
Аты-жөні Туылған жылы Ойын саны Гол саны Ақырға матч
1 Руслан Балтиев 16.09.1978 73 13 14.10.2009
2 Самат Смақов 12.08.1978 57 1 09.02.2011
3 Нұрбол Жұмасқалиев 11.05.1981 54 6 26.03.2011
4 Андрей Карпович 18.01.1981 50 3 09.02.2011
5 Давид Лория 31.10.1981 38 -61 26.03.2011
6 Александр Кучма 09.01.1980 35 1 11.10.2008
7 Фархатбек Ырысметов 10.08.1981 35 0 26.03.2011
8 Александр Фамильцев 03.08.1975 34 1 05.07.2006
Үздік мергендер

Аты-жөні Ойын саны Гол саны
1 Руслан Балтиев 73 13
2 Виктор Зубарев 18 12
3 Бяков Дмитрий 32 8
4 Игорь Авдеев 27 7
5 Олег Литвиненко 27 6
6 Нұрбол Жұмасқалиев 54 6

Абылай ҚАРИН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров