Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Албанияға есе жіберді

16.11.2020, 05:52
Ойынға негізгі құрамда шыққан үш орталық қорғаушымыз да сары қағазбен марапатталды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы топтық кезеңнің 5-тур матчында Албанияға есе жіберді. Тирана қаласындағы "Эир Албания" стадионында өткен матч 3:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 10-секундында Олжас Керімжанов сары қағаз алып, Ұлттар лигасы мен Ұлттық құраманың рекордын орнатты. Тіпті бұрынғы "Челси" ойыншысы Винни Джонсқа тиесілі әлемдік рекордты бұзуға шақ қалды. Ол ойынның 5-секундында сары қағаз алған болатын.

Кездесудегі алғашқы голды 16-минутта Чикаллеши соқты. Араға жеті минут салып қақпашы мен қорғаушылардың қателігін пайдаланған Исмаили екінші голды өз еншісіне жазды. Көп ұзамай Қазақстан құрамасы бұл голға жауап қатты. Айбол Әбікеннің алаң ортасынан бағыттаған соққысы Албания қақпасының торында тулады. Дегенмен, 61-минутта Манаи пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады.

Бұл жеңістен кейін Албания өз тобында 8 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Қазақстан 4 ұпаймен соңғы орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров