Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен болған екінші жолдастық кездесуде де жеңіске жетті

21.09.2022, 00:28
Кака шәкірттері 8 қазан күні Словенияға қарсы матч өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен екінші жолдастық кездесуін өткізді. Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде өткен матч 6:5 есебімен аяқталды.

Аоаң иелері сапында Шыңғыс Есенаманов, Тайнан және Альберт Ақбалықов екі голдан соқты. Ал қарсылас команданың құрамында Вилела хет-трик жасады, қалған екі голды Луиз Сезар мен Курдов өз еншісіне жазды.

Кака шәкірттері кеше Әзербайжан құрамасын 5:3 есебімен жеңген болатын.

Еске салайық, Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын 8 қазан күні өз алаңында Словенияға қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров