Жарнама
Жарнама

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ БОЛГАРИЯДАН ҰТЫЛДЫ

05.06.2013, 16:08
Жарнама
Жарнама
    Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Болгарияны қабылдап, ұтылып қалды.   Ойынның басы шиеленісті басталды. Қос командада жылдам гол салу мақсатында бір бірінің айып алаңына лап қойған. Қонақтар сәт сайын ойындағы үстемдікті өз қолдарына алды. Бірінші таймның орта тұсында Болгария Сидельников қорғаған қақпадан саңылау тапқан. Бірақ бұл гол оффсайдтан соғылып, есептелмеді. Бірінші тайм бойы екі команда алма кезек соққылармен алмасқанымен, есеп ашылмады.   Екінші тайм басталғанда Беранек алаңға Сидельниковтың орнына Мокинді шығарып, Нұрғалиевті Шомкоға, Хижниченконы Гридинге алмастырды. Ойынның 57 минутында Георги Илиев айып соққысын тамаша орындап, есепті ашқан. Арада екі минуты өтпей жатып, Иванов есепті еселеді. Таблодағы есеп 0:2-ге жеткенде чех маманы шабуыл шебін үдетпек болып алаңға «Қайрат» ойыншысы Недашковскиді шығарған. Ол бапкер сенімін ақтады. «Қайрат» футболшысының алғашқы жасаған шабуылы қақпа бағанасына тиіп кейін серпілген. Тың күшін сақтаған ойыншы 88 минутта Шомкоға әдемі пас шығарып берді. Ал бұл пасты жас ойыншы тамаша пайдаланып, құрамадағы алғашқы голын салды. Кейін төреші қосымша бес минут қосқанымен, біздің жігіттер есепті теңестіре алмады.   Фото Vesti.kz©   Фото Vesti.kz©   Опасная ситуация у ворот казахстанской команды.Фото Ярослава Радловского       Қазақстан — Болгария 1:2 (0:0) Голдар: Илиев Г. 57 (0:1), Иванов 60 (0:2), Шомко 88 (1:2) Қазақстан: Сидельников (Мокин 46), Киров, Логвиненко (Недашковский 67), Мулдаров, Гурман, Нұрдәулетов (Шахметов 85), Қонысбаев (Шабалин 73) , Дмитренко, Хижниченко (Гридин 46), Нұрғалиев (Шомко 46), Коробкин Болгария: Илиев П., Минев В., Минев Й., Александров, Иванов, Дяков, Гаджев, Илиев Г. (Златинский 75), Манолев (Делев 71), Божинов (Мицанский 55), Попов Төреші: Алияр Агаев (Әзірбайжан) 4 маусым. Алматы. Орталық стадион.       Допқа иелік: 40% — 60% Қақпаға соққы: 9 — 7 Қақпа ішіне жасалған соққы: 3 — 4 Тәртіп бұзушылық: 13 — 20 Бағана: 1 — 0 Оффсайд: 3 — 2 Бұрыштама добы: 3 — 3 Сары қағаз саны: 0 — 1 Ауысым: 6 — 6. Аламан сайтынан алынды
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров