Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Франциядан оңбай ұтылды

14.11.2021, 08:35
Қазақстан құрамасы антирекорд орнатты. Мбаппе Мокиннің жоқтығын пайдаланып, төрт гол соқты. Ал Бензема ашық қақпаны дәл көздесе, Рабьо дебюттік голын соқты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта Франциямен кездесті. Аталмыш ойын Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтіп, 8:0 есебімен аяқталды.

Алаң иелері матч бастала салысымен Килиан Мбаппенің арқасында жылдам гол соғып алды. 12-минутта дәл осы ПСЖ шабуылшысы есепті еселеді. Ал 20 минуттан кейін Мбаппе баспен гол соғып, хет-трик авторы атанды. Екінші таймда Карим Бензема Тео Эрнандес пен Килианның пасынан кейін дубль рәсімдеді. 75-минутта Антуан Гризманның бұрыштамадан асырған пасын Адриан Рабьо өз пайдасына жаратып, Франция құрамасындағы дебюттік голын соқты. 84-минутта Гризманн пенальтиді сәтті орындады. Ал үш минуттан кейін Мбаппе покер жасап, кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, Талғат Байсуфинов шәкірттері іріктеу кезеңін тәмамдады. Сегіз ойында үш ұпай жинаған Қазақстан құрамасы Д тобында ең соңғы орынға ие болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров