Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы ғаламат камбэк жасап, Әзербайжаннан басым түсті

20.09.2022, 04:23
Рикардо Кака шәкірттері бірінші таймның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіліп жатқан еді.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Ақтау қаласында өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан 5:3 есебімен басым түсті.

Бірінші тайм бойынша біздің жігіттер 1:3 есебімен жеңіліп жатқан еді. Дегенмен, екінші таймда Кака шәкірттері камбэк жасап, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапында Эдсон хет-трик жасады, қалған екі голды Дуглас (пенальтиден) және Альберт Ақбалықов соқты. Ал қарсылас команданың құрамында Човдаров (дубль) пен Вилела мергендік танытты.

Ертең қос құрама арасында екінші кездесу болады. Тікелей трансляцияны 17:20-да Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров