Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Ширек финалда Рикардо Кака шәкірттері Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші таймның қорытындысы бойынша Қазақстан 0:2 есебімен ұтылып жатты. Команда 8 және 15-ші минуттарда гол жіберіп алды. Мослем Оладгобад пен Ахмад Эсмаэльпур ерекшеленді.
Бірақ кездесудің 25-минутында Иран қақпашысы Алиреза Самими Дәурен Тұрсағұловтың соққысынан кейін өз қақпасына гол соғып алды. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйек күні өтеді. Екінші жартылай финалдық кездесуде Бразилия мен Аргентина күш сынасады.
Біздің серіктес: FONBET