Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді

23.04.2021, 20:03
Матч 4 маусымда сырт алаңда өтеді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізетін болды. Екі елдің федерациялары арасында жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Матч 4 маусым күні Косово астанасы Приштинадағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді.

Косово құрамасы ФИФА рейтингінде 120-шы орында тұр. 2016 жылы мамыр айында Косово құрамасы ресми түрде УЕФА мен ФИФА-ның мүшесі болды. Косово біздің құраманың тарихында 69-шы қарсылас болады. Еуропалық құрамалардың ішінен Косово 40-шы қарсылас болады.

2018 жылдан бастап Косово құрамасын швейцариялық маман Бернар Шалланд жаттықтырады. Қазіргі Косово құрамасынан Ведат Мурики, Самир Уйкани, Амир Рахмани және басқаларын атап көрсетуге болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров