Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы маусым айында екі жолдастық кездесу өткізеді

21.04.2021, 20:34
Қос матч та сырт алаңда өтуі мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айында екі жолдастық кездесу өткізеді.

УЕФА-ның белгілеген мерзіміне сәйкес ұлттық құрамалар 1-10 маусым аралығында жолдастық кездесулер ұйымдастыра алады. Қазақстан құрамасының матчтары 4 және 7 маусымға жоспарланған. Қарсыластар әлі анықталған жоқ, бірақ ҚФФ қазір әлеуетті қарсыластармен келіссөздер жүргізуде. Айта кетейік, ұлттық құрамамыздың екі матчы да сырт алаңда өтеді деп күтілуде.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жорығын қыркүйек айында жалғастырады. 1 қыркүйек күні Украина құрамасын қабылдаса, 4 қыркүйекте Финляндияға, 8 қыркүйекте Боснияға қонаққа барады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров