Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» кездеседі

26.07.2011, 20:15
Жарнама
Жарнама

Қазақстанның жастар құрамасы(U-21) мен Алматылық «Қайрат» клубы өзара жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге келді. Аталмыш ойын Қазақстан жастар құрамасының Еуропа чемипонатына іріктеу аясында Румыния мен Словакияға қарсы өтетін ойынға дайындық ретінде өтпек. Матч 10-тамыз күні Алматыда Каблукова көшесінде орналасқан базада ойналмақ. Бұл жөнінде Алматының «Қайрат» (fckairat.kz) клубының ресми сайтында хабарланған. Естеріңізге сала кетсек Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бір топта Латвия, Франция, Румыния, Словакия командаларымен сынға түсуде. Алғашқы ойында сырт алаңда Румыния құрамасымен ойнап тең түскен біздің жігіттер алдыларына Словакия құрамасын салып турнир кестесінде 2- орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров