Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина құрамасын қабылдады. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 25-минутында Смаил Превляк Стевановичтің оң қапталдан асырған пасын баспен қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. Ал 66-минутта дәл осы шабуылшы қақпашымен бірге-бір қалып, айласын асырды. Соңғы минуттарда Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартқан еді, бірақ ереже бұзылғандықтан, бұл гол есепке алынбады.
Талғат Байсуфинов шәкірттері келесі ойынын 12 қазан күні Финляндияға қарсы өткізеді. Аталмыш матч «Астана Арена» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET