Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен болған алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті

15.12.2021, 01:33
Жолдастық ойын болғанымен, бұл қос команда үшін де ерекше сипатқа ие.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасымен өткен жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Матч бүгін, 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтіп, 3:1 есебімен Рикардо Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда гол көре алмадық. Ал 22-минутта Арнольд Кнауб Қазақстанды алға шығарса, көп ұзамай Дуглас есепті еселеді. 39-минутта Өзбекстан бір гол соққанымен, ойын соңында Игита қарсылатың бос қақпасын дәл көздеп, матчтың нүктесін қойды.

Қос команда арасындағы екінші кездесу 15 желтоқсанда өтеді.

Еске салайық, 2022 жылғы Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген (Нидерланды) қалаларында өтеді. Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бір топта өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров