Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Словакияны екінші рет жеңіп, өз тобында жеке-дара көш бастады

14.06.2022, 02:51
Адиев шәкірттері алғашқы матчтағы нәтиженің кездейсоқ болмағанын дәлелдеді.
Жарнама
Жарнама

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының төртінші туры аясында Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Арена» стадионында Словакияны қабылдады.

Өз алаңында Қазақстанға 0:1 есебімен есе жіберген словактар елордаға қарымта қайтару үшін келген еді. Ойынның 18-минутында оң қапталдағы Михаил Габышевтан пас алған Вороговский есеп ашты. 31-минутта Янның тағы бір гол соғатын мүмкіндігі болды. Есесіне сегіз минуттан кейін тағы да оң қапталдан Тағыбергеннің асырған пасын Астанов баспен қақпаға дөп түсірді. Бұл Эльханның ұлттық құрамадағы алғашқы голы ретінде тіркелді.

Екінші таймның басында словакиялық Матуш Берон жақын бұрышты дәл көздеп, есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін Игорь Шацкий екі мәрте өз қақпасын аман алып қалды. 87-минутта дөрекі ойнаған словакиялық Ондрей Дуда алаңнан қуылды.

Осылайша, қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірген Қазақстан құрамасы ұпай санын 10-ға жеткізді. Ресейлік маман Магомед Адиев жаттықтырғаннан бері қазақстандықтар төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең ойнады.

Қазақстан құрамасы қалған ойындарын қыркүйек айында өткізеді. 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, үш күннен кейін сырт алаңда Әзербайжанмен күш сынасады.

Қазақстан – Словакия – 2:1

Голдар: Ян Вороговский 18, Эльхан Астанов 39 – Матуш Беро 51

Сары қағаздар: Рамазан Оразов 86 – Норберт Дьомбер 23, Ондрей Дуда 86, Ладислав Алмаси 90+4, Юрай Куцка 90+5

Қызыл қағаз: Ондрей Дуда 87

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Тимур Досмағамбетов, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров 73) – Асхат Тағыберген (к), Аслан Дарабаев (Темірлан Ерланов 88), Ян Вороговский (Рамазан Оразов 73), Эльхан Астанов (Юрий Логвиненко 83) – Абат Айымбетов (Максим Самородов 88);

Қосалқы құрам: Мұхаммеджан Сейсен (қ), Бекхан Шайзада (қ) – Ғафуржан Суюмбаев, Елдос Ахметов – Самат Жарынбетов, Бауыржан Байтана – Артур Шушеначев;

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Словакия: Марек Родак (қ) – Юрай Чватал (Вернон де Марко 46), Мартин Вальент, Норберт Гимбер, Петер Пекарик – Матуш Беро (Ладислав Алмаси 82), Патрик Горошовски, Лукаш Гараслин (Томаш Суслов 88), Юрай Куцка (к) – Ондрей Дуда, Альберт Руснак (Давид Стрелец 72);

Қосалқы құрам: Франтишек Плах (қ), Доминик Такач (қ) – Мартин Косцельник, Любомир Шатка – Станислав Лоботка – Иван Шранц, Роберт Боженик, Мартин Регали;

Бас бапкердің міндетін атқарушы: Самуэль Словак.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров