Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

26.09.2022, 04:59
Бұл Магомед Адиевтің ұлттық қүрама сапындағы алғашқы жеңілісі болды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеніңдегі соңғы ойында Әзербайжанмен кездесті. Бакудегі "Далга Арена" стадионында өткен матч 3:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 35-минутында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп екінші ескерту қағазын алып алаңнан қуылды. Бас бапкер көп ойланбай, шабуыл шебінде жүрген Абылайхан Жұмабектің орнына Сергей Малыйды шығарды. Матчтың 66-минутында Александр Марочкин өз қақпамызға гол соғып алды. Сегіз минуттан кейін Филип Озобич Шацкий қақпасынан саңылау тапты. Ал 91-минутта Анатолий Нуриев кездесудің нүктесін қойды.

Бұл жеңіліске қарамастан Магомед Адиевтің командасы 13 ұпаймен өз тобында бірінші орынды иеленді және келесі маусымда В лигасында өнер көрсететін мүмкіндікке ие болды.

Әзербайжан – Қазақстан – 3:0

Голдар: Александр Марочкин 66 (автогол), Филип Озобич 74, Анатолий Нуриев 90+1

Сары қағаздар: Ренат Дадашов 27, Шахрудин Магомедалиев 36, Махари Эмрели 86 – Рамазан Оразов 29, Нұралы Әліп 35, Әділет Садыбеков 83

Қызыл қағаз: Нұралы Әліп 35

Әзербайжан: Шахруддин Магомедалиев (қ) – Эльвин Джафаргулиев (Торал Байрамов 58), Бахлул Мустафазаде, Бадави Гусейнов, Ходжат Хагверди – Филип Озобич (Анатолий Нуриев 88), Эдди Исрафилов (Алексей Исаев 46), Озанджан Кекчю (Махари Эмрели 46) – Рамиль Шейдаев, Ренат Дадашов (Муса Гурбанлы 46);

Қосалқы құрам: Салахат Агаев (В), Эмиль Балаев (В) – Бахлул Ахмедзаде, Джалал Гусейнов, Антон Кривоцюк, Аббас Гусейнов – Эльвин Джамалов;

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Тимур Досмағамбетов (Ян Вороговский 68), Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров, Бағдат Қайыров – Аслан Дарабаев (Әділет Садыбеков 80), Исламбек Қуат (к) – Эльхан Астанов (Абат Айымбетов 68), Рамазан Оразов (Самат Жарынбетов 80), Абылайхан Жұмабек (Сергей Малый 39);

Қосалқы құрам: Мұхаммеджан Сейсен (қ), Бекхан Шайзада (қ) – Талғат Көсепов, Темірлан Ерланов, Михаил Габышев – Роман Мұртазаев, Артур Шушеначев;