Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасы Венгрияның тас-талқанын шығарды

10.12.2020, 03:12
Бұл құраманың 2020 жылдағы соңғы ойыны болды.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2022 іріктеу кезеңіндегі ойындарын жеңіспен бастады. Каканың шәкірттері Нұр-Сұлтанда Венгрияны қабылдап, 5:0 есебімен жеңді.

Арнольд Кнауб (7', 13'), Дәурен Нұрғожин (10'), Альберт Ақбаликов (14') және Дәурен Тұрсағұлов (22') гол соқты. Суық тигеніне байланысты Игита кездесуді жіберіп алды.

Бұл матч Қазақстан құрамасы үшін тек іріктеу турниріндегі бірінші матч ғана емес, сонымен қатар биылғы жылдағы соңғы ойын болды. Команда келесі кездесуін 2021 жылы 28 қаңтарда сырт алаңда Израильге қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров