Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасына жаңа бапкер тағайындалмақ

19.04.2022, 19:07
Федерация басшылығы Карповичке келісім-шарт ұсынбайды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович толыққанды жаттықтырушы болып бекітілмейді, деп хабарлайды журналист Ермұхамед Мәулен.

Қазақстан футбол федерациясы қазір басқа мамандармен келіссөздер жүргізуде. Үміткерлердің тізімінде «Астананың» бұрынғы жаттықтырушысы Станимир Стойлов та бар.

Еске салайық, Андрей Карпович команданы УЕФА Ұлттар лигасының өтпелі кезеңінде Молдовамен болатын матчқа екі апта қалғанда қабылдады. Екі кездесудің қосындысы бойынша Қазақстан «С» лигасындағы орнын сақтап қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров