Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

15.12.2020, 02:06
Құраманы қазақстандық бапкер жаттықтырады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан футбол үйінде еліміздің бас командасының жаттықтырушысы таныстырылды.

Қазақстан құрамасын отандық танымал маман Талғат Байсуфинов баптайтын болды.Талғат Маруанұлы бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын.

Сонымен қатар, білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеді.

Келесі көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуді бастайды. Топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сонымен қатар Босния және Герцеговина құрамалары қарсылас болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров