Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайрат» футболшылары Тәжікстанмен болатын жолдастық кездесуге қатыспайды.
Алматылық клубтың бапкерлер штабының өтініші бойынша Стас Покатилов, Нұралы Әліп және Артур Шушеначев «Қайрат» командасына оралды. Футболшылар алдағы Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Астанамен» және Конференция лигасында «Базельмен» болатын матчтарға дайындалады.
Сондай-ақ «Ротор» шабуылшысы Алексей Щеткин ұлттық құрамаға шақырту алды. Ол Артур Шушеначевті алмастыратын болады.
Біздің серіктес: FONBET