Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істейтін мамандар анықталды

05.05.2022, 18:50
Адиев өзіне жақсы таныс мамандарды жанына топтастырды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндейтін Магомед Адиевтің бапкерлер штабында қызмет ететін мамандар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарағандылық «Шахтерде» жұмыс істеген ресейлік маман Арслан Халимбеков Адиевтің көмекшісі болып тағайындалады. 54 жастағы бапкер бұған дейін «Анжи», «Крылья Советов», «Уфа», «Амкар» және «СКА-Хабаровск» командаларында жұмыс істеген.

Қақпашыларды «Шахтер» клубында 14 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 52 жастағы украиналық Валерий Ситало жаттықтырады. Қарағандылық клубта ол Александр Мокин, Давид Лория, Стас Покатилов сынды қақпашылармен және қазіргі Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Шацкиймен жұмыс істеді.

Жалпы дене дайындығына жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Вадим Боровский жауапты болады. Ол Қазақстанның жастар құрамалары мен «Қайрат» сапында еңбек еткен.

Бапкер-аналитик қызметін қазір «Астанада» жұмыс істейтін Магомед Нозадзе атқарады.

Магомед Адиев 6 мамыр күні Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде таныстырылады деп күтілуде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров