Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бас бапкері мен бірнеше ойыншысы вирус жұқтырды

20.01.2022, 01:53
Кака мен Кнауб алғашқы матчқа қатыспайды.
Жарнама
Жарнама

Нидерланд еліне сапар алдында бірнеше күн бұрын футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Игита, Дәурен Тұрсағұлов және Арнольд Кнауб, сонымен қатар бас бапкер Рикардо Кака COVID-19 оң сынағын тапсырды. 

Үш күннен соң Игита мен Дәурен Тұрсағұловтың тапсырған тесттері теріс нәтиже көрсетті. Олар жақын арада Нидерландыда команданың қатарына қосылады. 

Өкінішке қарай, Кака мен Кнауб әлі де карантинде жатыр. Олар Еуропа чемпионатында Словениямен өтетін алғашқы ойынға қатыса алмайды. Матч бейсенбі, 20 қаңтар күні елорда уақытымен 22:30-да басталады. Команданы ойынға бас бапкердің көмекшісі Сергей Коридзе дайындайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров