Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Бірінші лига клубын жаттықтырмақ

26.04.2021, 23:35
Команданың қазіргі бас бапкері «Тұранды» жаттықтырады деп күтілуде.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық маман Иван Азовский Бірінші лигада өнер көрсететін "Мақтаарал" клубының жаңа бас бапкері атанады

"Мақтааралды" қыста қабылдаған Вахид Масудов алдағы уақыттан бастап түркістандық "Тұранды" жаттықтырмақ. Оның орнын қыста командаға қосылған бас бапкердің көмекшісі Иван Азовский басады.

56 жастағы маман бұған дейін "Химикте", елордалық "Астанада", қарағандылық "​​Шахтерде", "Атырауда", талдықорғандық "Жетісуда" және Қазақстан әйелдер құрамасында бас бапкер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Азовский Қазақстан қарамасын голландиялық маман Арно Пайперс жаттықтырған кезде бапкерлер штабының мүшесі болған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров