Қақпашы Самат Отарбаев жақын арада «Ақсу» клубымен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Тәжірибелі футболшы павлодарлық команданың орналасқан жеріне келіп, жаттығу жиынына қатысуда.
Отарбаевтың соңғы клубы «Қыран» болды. Бірақ өткен маусымда қақпашы жаңа команда таба алмады. Самат бұған дейін «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тараз» клубтарының намысын қорғады. Қазақстан жастар құрамасының негізгі қақпашысы болды және негізгі командаға шақыртылды.
Біздің серіктес: FONBET