Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының екінші қарсыласы анықталды

23.04.2021, 21:02
Енді қарсылас команданың келісімін күту ғана қалды.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Австрияда Мальтаға қарсы жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы "Гол Емес" телеграм-арнасы хабарлады. Тек Мальта құрамасының келісімін күту ғана қалды. Матч 7 маусымға жоспарланған.

Бұған дейін ҚФФ Косовоға қарсы жолдастық матч өткізетіні туралы ресми түрде мәлімдеген болатын. Аталған ойын 4 маусым күні Косово астанасында өтеді.

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Талғат Байсуфинов шәкірттері екі ойын өткізіп үлгерді - өз алаңында Францияға есе жіберді (0:2), ал сырт алаңда Украинамен тең ойнады (1:1). D тобындағы келесі матчтар 1 қыркүйекте өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров