Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының капитаны жарақат алып қалды

09.10.2020, 21:06
Қазақстан құрамасы 11 қазан күні Орталық стадионда Албанияға қарсы матч өткізеді.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Әл-Айн" командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақат алып қалды. 

"Буын жарақатын алып қалған құраманың капитаны Бауыржан Исламхан бүгінгі жаттығуға қатыспады.  Құраманың бапкерлер қосыны жартылай қорғаушының емделіп алуына уақыт берді", - деп жазды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты. 

Еске салайық, 11 қазан күні Қазақстан құрамасы Алматы қаласында Ұлттар лигасы турнирінде Албания құрамасына қарсы кездесу өткізеді. 

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінде С тобында өнер көрсетіп жатыр. Қарсыластарымыз Беларусь, Литва және Албания құрамалары. Қазіргі уақытта біздің құрама 3 ұпай жинап, топта бірінші орында келеді. Албания, Беларусь және Литва құрамаларының еншісінде де үш ұпайдан бар. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров