7 маусым күні Аустрия жерінде өтуі тиіс жолдастық матч ойналмайтын болды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Македония астанасы Скопьеде, сосын 7 маусым күні Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта құрамасымен жолдастық кездесулер өткізуі тиіс болған. Алайда пандемияның өршіп тұрған кезінде Аустрия аумағына виза алу өте қиынға соқты. Аустрияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан құрамасына виза беруден бас тартты. Осы мәселеге байланысты Қазақстан – Мальта матчы ойналмайды. Демек, Талғат Байсуфинов баптайтын командамыз 4 маусым күні Македонияға қарсы ойнап болған соң, Қазақстанға оралады. Екінші жолдастық ойын күздегі УЕФА датасына қалдырылды.
Біздің серіктес: FONBET