Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының негізгі қорғаушыларының бірі алдағы матчтарға қатыспайды

07.10.2021, 21:35
Футболшыдан вирустың белгілері табылды.
Жарнама
Жарнама

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, "Тобыл" клубының қорғаушысы Александр Марочкин ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыса алмайды.

Марочкиннің коронавирусқа қарсы тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендіктен, Қазақстан құрамасының 4 қазан күні басталған оқу-жаттығу жиынына келе алмады. Естеріңізде болса, Марочкин ұлттық құраманың өткен айдағы үш ойынына да қатысқан еді.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов шәкірттері 9 қазанда Босния және Герцеговина, ал 12 қазанда Финляндия құрамасымен күш сынасады. Қос ойын да "Астана Арена" стадионында өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров