Ресейлік «Ахматтың» қорғаушысы Марат Быстров УЕФА Ұлттар лигасының алдағы ойындарында Қазақстан құрамасына көмектеспейді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
29 жастағы футболшы Қазақстан құрамасына шақыртылғанымен, ресейлік команда сапында алған жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына келмейтін болды. Жақын арада ойыншы емделіп, қалыпқа келу жаттығуларын бастайды.
Марат Быстровтың орнына ұлттық құрамаға «Ақтөбе» қорғаушысы Әлібек Қасым шақыртылды.
Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын Быстров «Ахматпен» келісім-шартын екі жылға ұзартқан болатын.
3 маусымда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Әзірбайжанды қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET